Ришаттың денесі табылды

Құтқарушылар Қостанайда жоғалып кеткен 10 жасар Ришат Харикоглының денесін тапты, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. ришат«Баланың денесі 26 маусым күні кешкі 19:10-да Тобыл өзенінен табылды. Ришат Харикоглы 24 маусым күні жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарын полицейлер мен еріктілер екі күннен астам уақыт бірлесе жүргізді. Облыстық Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел тергеу тобы қызмет етті»,- делінген хабарламада. Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓