Газдың қымбаттауы әсер етуде

Тұтынушылар тағы да дүрлігуде. Мұның себебі ыстық су мен жылудың бағасының қымбаттауына байланысты. Біздің редакцияға телефон соғушылар орын алған жағдайды білгісі келді. Сосын "КТЭК" кәсіпорнының есігін аштық.
газ
–  Газдың бағасының құбылуы тығырыққа тіреді, – дейді компанияның директоры Виктор Шмыглов.
Мәселенің қалай өрбігенін жоспарлау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Надежда Подолякова түсіндірді.
– Биылғы жылдың бірінші қаңтарынан газдың бағасы қымбаттады. Көгілдір отынмен қамтамасыз етуші "КазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамы тарифты өзгертті, – деп баяндады Надежда Владимировна.
Нақтылап айтқанда, жарты жылда баға әлденеше рет құбылған. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда он бір пайызға көтерілген. Жыл басына дейін бір текше метр газдың құны 14167,14 теңгені құрады. Қаңтар айынан бұл көрсеткіш 15784,85 теңге болды.
Бірінші наурыздан он алтыншы сәуір аралығындағы баға 17603,33 теңгеге жетті. Он жетінші сәуірден "КазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамы тасымал шығынын алып тастағандықтан баға 15781 теңге болды.
–  Біз облыстық табиғи монополияны реттеу департаментіне қосымша шығындардың пайда болуына байланысты  жылу тарифін өзгертуге үш рет ұсыныс жасадық. Ақыры мақсатымыз орындалды, – дейді Надежда Подолякова.
– Мұның себебі, Қостанай жылу энергия компаниясының барлық қазандығы көгілдір отынмен жұмыс істейді.
Түптеп келгенде, төртінші шілдеден жылудың бір шаршы метрге лайықты бағасы бұрынғы 132 теңге 48 тиыннан 143,31 теңгеге, яғни 8,2 пайыз-ға өсті.
–  Халыққа берілетін ыстық судың бір текше метрлік көлемі 268 теңге болса, енді 283,51 теңгеге, 5,8 пайызға жетті.
– Айта кету керек, бір адам тұтынатын судың құны да шарықтады. Бұған дейін оның көлемі 964,8 теңге болса, осы айда 1020,62 теңгені құрап отыр.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓