Қауіпті ойындар қайта өршіді

Мессенджерде оқушылар мен студенттер арасында таралып жатқан жаңа ойынның пайда болғаны туралы хабар тарады. Өзін Көшетаудағы мектептің директоры деп таныстырған әйел ата-аналарға дыбыстық жазба арқылы ескертпе қалдырған. Осыған алаңдаған қостанайлық ата-аналар alau.kz сайтының WhatsApp нөміріне жүгініпті.крыша
Айтылмыш мектеп басшысының ескерту хабарламасында былай делінеді:
"Барлығыңызға өтініш! Тағы да қауіпті интернет-ойындар белсене түсті. Солардың соңғысы – ол инстаграм желісіндегі үздік бейнетаспа байқауы. Мұнда балалар көпқабатты үйлердің шатырымен жүгірулері тиіс екен. Бұл ойын "Топ 47" ("Группа 47") деп аталады. Көкшетау қаласында бұл ойынға студенттер мен оқушылардың қатысқаны туралы дерек тіркеліп те үлгерді. Ата-аналар жазасын алды. Үлкен өтініш: ата-аналар балалары назардан тыс қалдырмасын". 
Ескерте кетейік, қостанайлықтар да 9-шағын аудандағы 9 қабатты үй төбесінде жүрген жастарды бейнекамераға түсіріп, осы сайтқа жолдаған болатын. Ұқсас жағдай 5-шағын ауданында да болған еді…

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓