Жаңа куәлік алғыңыз келсе

кк

"Елімізде желтоқсан айынан бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастайды" деп  ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім еткен болатын. Бұған  депутаттар тарапынан жеке куәліктерге қатысты біршама сын айтылып, ондағы фотосуреттің күңгірттеніп тұратынына ескерту жасалғаны себепші болыпты. Бұл оймен толық келіскен министр: "Біздің жеке куәліктеріміздегі фотосуретті түрлі-түсті әрі анық етіп шығару туралы ескерту айттыңыздар. Біз жыл бойы осы проблемамен жұмыс істедік. Керекті жабдықтарды да сатып алдық. Жеке куәліктің қажетті тұсына өзгерістер енгізіп, жаңасын әзірлеп шықтық. Ол жаңа куәлік ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап беріле бастайды. Онда түрлі-түсті фото, голографикалық фотосуреті бар, яғни куәліктің қорғанысы жоғары болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа, түрлі-түсті суретпен шығатын куәлікті біздің азаматтар 1 желтоқсаннан ала бастайды", – деді. Енді берілетін жаңа куәліктегі басты ерекшелік еліміздің Туы мен Елтаңбасы, картасы да орналастырылған.
– Қостанай облысына жаңа куәліктердің үлгілері келген жоқ. Алдағы желтоқсан айынан бастап халықтан арыздар қабылданып, жаңа куәлік беріле бастайды. Ал жалпы жаңа куәлікті аламын дегендер ғана өз еріктерімен айырбастауларына болады. Басты айырмашылық фотосуреттің түрлі-түсті болуында, – дейіді облыстық көші-қон басқармасының аға инспекторы Г.Күдебаева. 
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓