Иттен иттің несі артық?..
Кеншілер қаласында "Рудный жазы 1-2016" атты иттердің барлық түрлерінің көрмесі өтті. Үздіктен үміткер төрт аяқты қатысушылардың саны 150-ге дейін жетті.Бұл – Қазақстанның кинологтар одағы жүйесінде өткізіліп отырған 21-ші көрме. Ұйымдастырушы – "ДОСТАР-ИТ" кинология орталығы. Осы жолғы шараға 60 түрлі тұқым қатысты: иттің әлемдегі ең кішкентайы чихуа-хуадан бастап, исполин командоры, маламут, овчар сынды ірі бітімділеріне дейін бар. Көбінің иелері – рудныйлықтар және қостанайлықтар. Қатысушылар Ресейдің Мәскеу, Екатеринбург, Тагил, Пермь, Челябі қалаларынан да арнайы келген. Бәрінің мақсаты ортақ – ортадан оқшаулана көрініп, қазылар бағасын алу.