Егіс аяқталды

Облыста егіс науқаны аяқталды. Бізге келіп түскен мәліметтерге қарағанда, барлығы 4,7 млн.гектар алқапқа  дән сіңірілген немесе көктемгі дала жұмыстары  100% орындалды. Үстіміздегі жылы 270 мың.гектар алқапқа майлы дақылдар егілді.1016938639 Сондай-ақ, 3,6 мың.гектарға картоп, 671 гектарға өзге де көкөніс тұқымдары отырғызылған.Биыл облыс шаруашылықтарына 8,3 мың.тонна тыңайтқыш әкелінді. Көктемгі егіс жұмыстарын және күзгі жиын-терімді мерзімінде аяқтау үшін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы облысқа 4,4 млрд.теңге несие бөлінді. 71 мың тонна жеңілдетілген дизельдік отын жеткізілді. Оның литрі 96 теңгеден босатылды.
Қазір ауылшаруашылық тауар өндірушілері пар өңдеуге, шөп шабатын техникаларды жөндеуге кірісіп кетті.
 
                     
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓