30 бас иелеріне қайтарылды

11-13 қараша аралығында облыс аумағында "Мал ұрлығы" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Шара аясында республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда автокөліктерді тексеру үшін 22 жедел іздестіру тобы жұмылдырылды. 2 күн ішінде облыс полицейлері мал және ет өнімдерін тасымалдаған 50-ден астам автокөлікті тексерді.90196_b0-e1504680311373
Тексеру барысында Қарасу ауданында 1 мал тасымалдау фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары Қарасу ауданы Жалғысхан ауылының тұрғынын "Қарасу-Чураков" автожолында ұстады. 53 жастағы ер адам тиісті құжатсыз 4 шошқа етін тасымалдаған. Сонымен қатар, Науырзым ауданында 1 мал ұрлығы тіркелді, онда 22 бас жылқы еркін жайылымнан ұзап кеткен. Иесі тек 6 күн өткен соң полицияға жүгінген. Жылқылар қараусыз жайылған және еш таңбаланбаған. Қазіргі уақытта іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары малды бақташысыз жайлымға шығарған фактілерді анықтады. Қарасу ауданының Шолақашы ауылында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер темір жол өткелінен 6 бас ірі қара малын тапты. Полиция қызметкерлері мал иелері, анықтап, оларға қатысты материалдар жинап, одан әрі әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ветеринария бөліміне жіберді. Операция кезінде мал жайылымнан кетіп қалуына байланысты жүргізілген төрт қылмыстық іс бойынша 31 бас мал табылды.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓