Қала тіршілігі басты назарда

Өткен сенбіде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен өңір басшысы шаһардағы шахмат клубына бас сұқты. Бұл ғимаратқа биыл 10 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. 3nbHD_rwhkwҚазір іші жаңарып, ауасы кеңейе түсті. Қатар тізілген шахмат тақтасы да жеткілікті. Бүгіндері мектепте жүзге жуық жасөспірім шахматтың қыр-cырын үйреніп жүр. Ұстаздық ететін мұғалімдер де білікті. Тек қана бір мәселе бар. Қанатын кеңге жайғысы келетін шахмат шаңырағы іргесіндегі шағын кеңсені де өз иеліктеріне алғысы келеді. Әзірше олар мұны жалға алып отыр. Билік өкілдері осы мәселенің заңды шешімін тауып, бірыңғайлап берсе дейді. Архимед Мұхамбетов ұсынысты келешекте ескеретінін жеткізді.
Аймақ басшысы облыстық әкімдіктің қасындағы жаңа саябақтың құрылыс қарқынымен танысты. Құрылысшылардың уәдесі бойынша, саябақ енді он күннен кейін сақадай сай болуы тиіс. Бұған сәйкесінше қазіргі құрылыс жұмыстары да белсенді. Қаланың қақ ортасынан орын тепкен демалыс орны облыс әкімінің назарында. Өз сөзінде А. Мұхамбетов: «Мен жұмысқа келіп-кеткен сайын бақылап отырамын, саябақ тез бой көтеріп келеді. Сапасы да жақсы болуы қажет» дейді.0_12873b_94afc782_L
Алайда, өңір басшысы осы саябақтың көркі болар мүсінді сынға алды. -Қаланың ортасындағы мүсін көрнекі және мағыналы болуы керек. Ал тау ешкісінің бейнесін кез келген ескі саябақтарға қоя беруге болады. Қала әкімшілігімен кеңесе отырып, басқасын әкелуді тапсырамын,-деді А.Мұхамбетов.  
Сондай-ақ біршама уақыт бойы қоршауда болған мұражайдың іргетасы мен шатырын жаңартуды бұйырды. Сонымен қатар, Абай көшесінің бойындағы дүкендердің жарнама тақтайшалары мен көшеттеріне ескерту жасады. Осыдан он жыл бұрын безендірілген ғимараттың тозығы жеткені белгілі. Мысалы, қаланың дәл ортасындағы «Бирюса» дүкенінің сырты сарғайып, ескерген жарнама билбордтары көшенің құтын қашырып тұр. Бұдан өзге дүкендердің де қожайындарына  облыс әкімі жеке-жеке тапсырма берді.F1oWVi-Ey7g
-Шаһардың шырайын келтіретін көрнекіліктереге аса мән беру керек. Биылғы жыл мерекелерге толы. Сырттан келер қонақтың көп болатынын ескеру қажет. Қостанай өзінің тазалығы арқылы танымал екені белгілі,-деді облыс әкімі.
Бұдан соң өңір басшысы әл-Фараби және Сьянов көшелерінің қиылысындағы құбырлардың жөндеу жұмыстарына қарай ат басын бұрды. Бұған бюджеттен қыруар ақша бөлінген. Себебі, 15,523 шақырым жерді қамтуы керек. Мердігерлері – «Сапа +» және «Қостанай Су».Бүгінгі күні бұл жерде бес бригада жұмыс істейді. PJwOx32wdJMҚазір олар 1668 метр құбыр жатқызған. Жұмыс кестесін 25 пайызға озып келеміз дейді мамандар. Бірақ, А.Мұхамбетов одан асып түсуді тілге тиек етті. Қостанай өңірінде жаз қысқа, соны ескере отырып, тынымсыз жұмыс істеу керек деді.
Әкім Тобыл жағалауымен шектесіп жататын Красный Кузнец көшесінің жөндеу жұмыстырын қадағалады. Бұл көшеге бас-аяғы 420 862 000 теңге бөлінген, қазір соның 75 млн.теңгесі, яғни 18 пайызы ғана игерілген. Жоспар бойынша, ағымдағы жылдың қарашасына дейін аяқталуы керек.gtwl0pjFr8Q
Аймақ басшысы мердігерлерге жолды барынша сапалы етіп жасауды тапсырды. Отандық өнімдерді пайдалануға шақырды. Бірақ та сапасы жағынан өзге елдің өніміне есе жіберетін болса, көршілес елдерден алдыртуға уәде берді. Ең бастысы сын көтерсе болғаны.
«БК-Строй» ЖШС директоры Игорь Ким  облыс әкіміне «Жаңа қала» шағын ауданындағы саябақ пен спорт алаңдарының бүгінгі жай-күйі туралы баяндады. Ауланы абаттандыруға 40 млн.теңге қаржы берілген. Баскетбол, футбол алаңдары жақын күндері толығымен дайын болмақ. Бірталай жұмыстар атқарылған, тек жүргіншілер жолын жөндеп, ағаш отырғызу қалып отыр. Қазірдің өзінде шағын ауданның көрінісі алыстан көз тартады.13342112_501536200052908_2039271152_n
 
CAOTulWFZREКөпқабатты үйлердің маңындағы жер үй иелері облыс әкіміне жолдың нашарлығы мен қоқыстың уақытылы тазартылмайтынын айтып шағымданды. Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған А.Мұхамбетов қала әкіміне тиісті мамандарға жедел тапсырма беріп, қатаң ескерту жасау керек екенін айтты.0_128741_ddbd0177_LАл қаланың басқа аумағындағы Уральск көшесіндегі жолды «Стомед групп» фирмасы қалыпқа келтіруге уәде береді. Себебі, айтулы фирма осы жерден жекеменшік емхана ашқалы отыр. Қаралушылардың келіп-кетуі үшін қоғамдық көлік қатынасын да шешіп қойған. Жыл аяғына дейін емхана жабдықтармен қамтамасыз етіліп, өз жұмысын бастамақ.
Маяковский көшесіндегі 116 және 116А үйлерінің бірінші қабатында «Ерлан Компаниясы» ЖШС бала бақша ашуды көздейді. Әзірше бақшаның тек сыртқы жұмыстары аяқталған. Мердігер балабақшаның дайын болатын уақытын дөп басып айталмайды. Бірақ, 250 балаға арналан ғимарат КЖБИ шағын ауданына аса қажет. Білім бөлімінің өкілі де осы ауданда балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндер саны жеткілікті дейді.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓