Қасиетті айда жақсылық жасауға асығыңыз!

Ертең қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған орай, облыстық Марал ишан метішінің дін өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Бас имам Бақытбек Тәжімбет барша қостанайлық мұсылман жамағатын қасиетті айдың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, ораза ұстаудың тиімділігі, Рамазан айының қасиеті мен осы айда төленетін пітір садақаның мөлшері туралы мәлімдеді.14282871-297
Исламның бес парызының бірі – ораза ұстау. Ауыз бекіткен кісі өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам істерден тыйылуы тиіс. Сондықтан, дін өкілдерінің айтуынша, ораза ұстау тек ішіп-жеуден тыйылу емес, ораза рухтың азығы, тәннің шипасы.
-Биылғы Оразаның бір ерекшелігі – былтырғыдай, алдыңғы жылдай 30 күн емес, 29 күнмен шектеледі. Қасиетті Рамазан айында облысымыздағы барлық 36 мешітте кәсіпкер кісілердің қолдауымен ауызашар беріледі. Сондай-ақ, біз бірқатар азық-түлік саласындағы кәсіпкер азаматтармен кездесіп, қасиетті айда бағаны көтермей, керісінше жеңілдік жасауға келісім жасастық. Жалпы, осы уақытқа дейін, яғни жыл басынан бері жеті мың отбасыға кәсіпкерлер тарапынан қайырымдылық шараларының ұйымдастырылғандығын да айта кеткім келеді, – дейді бас имам Бақытбек Тәжімбет.
Қасиетті айда бірқатар мешіттерде жылдағы дәстүр бойынша Құранды жатқа айту шарасы жалғасын табатын болады. Ал, Алланың разылығы үшін берілетін пітір садақаның жан басына шаққандағы мөлшері биыл да 200 теңгені құрап отыр.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓