Қостанайда бұршақ аралас жаңбыр жауды (БЕЙНЕБАЯН)
4 маусым күні Қостанай облысында бұршақ аралас жаңбыр жауды. Облыс тұрғыны Алексей Куликовтың айтуынша, ол ауа райының тосын мінезіне Қостанай-Челябі тасжолының бойында тап болған. Бірнеше минуттың ішінде үлкендігі бөдененің жұмыртқасындай мұз бұршақ жолды басып тастап, автожүргізушілер қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Еске сала кетейік, синоптиктер бірнеше күн бойы Қазақстанның әр жерінде бұршақ аралас жаңбыр жауатынын болжаған болатын.
ҚазАқпарат