Қостанай каласына — 135 жыл
Біздің облысымыздың жұртшылығы қаланың торқалы тойы – 135 жылдығын атап өтпек. Қалыптасқан дәстүр бойынша алдын ала әзірлік қызу жүргізілуде. Тамыз айының он жетісі және он сегізі күндері аталған мереке тойланады.
Осыған байланысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі редакцияға арнайы хат жолдады. Онда қостанайлықтардың, шетелдерде жұмыс істейтіндер және оқитындардың көпшілікті қала күнімен құттықтағысы келетінін ескерткен. Тіпті, туған, туысқандарына жалынды сәлемін жолдау да ойда бар
Соған орай қүттықтау рәсімін бейне көрсетіліммен жасауға болады. Оның көлемі бір немесе екі минуттан аспауы керек. Бейне көрсетілім қаланың көрікті жерінен таңдалғаны дұрыс.
Сәлемдеме көрсетілім баспасөз хатшысы Самат Жанділдинге, мекен жайы –inf_otd@mail.ru. жіберілуге тиіс.
Ескерте кетейік, алынған бейне құттықтау жергілікті телевизия арқылы, LED экраны арқылы бұқаралық мереке кезінде берілетін болады.