Жаңа талаптарға сай
2021 жылға дейін облыс аумағында коммерциялық, жалға берілетін, несиелік және жеке салынатын 1 млн-нан астам шаршы метр баспананың құрылысы жоспарланған. Солардың бірі – Қобыланды батыр көшесіндегі №26/2 үй. Көрсетілген үй КСК шағын ауданындағы «Солнечный» сауда орталығының қасында орналасқан. Қазірге дейін инженерлік коммуникациялар: су құбыры, жылу жүйесі, жарық орнату құрылғысы, байланыс сымдары, газ жүйесі жүргізілген.
Алпыс пәтерлі тұрғын үйдің мердігері – «РСУ 2008» ЖШС. Екі бөлмелі қырық пәтер болса, тағы он-оннан бір және үш бөлмелі пәтерлер бар. Құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың мамыр айында басталған. Серіктестік басшысының айтуынша, тұрғын үй 2017 жылдың тамыз айында толықтай пайдалануға беріледі.
– Үй қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алады. Құрылыс материалдардың көбісі жергілікті өнім. Бес қабатты үй пәтерлердің сапасына қарай А,Б,В және Г түрлеріне бөлінген. Бір қабаттың биіктігі – үш метр. Қабырғалардың қалыңдығы – 380 миллиметр. Бұл – үй құрылысының стандартты талаптары, – деді «РСУ 2008» ЖШС директоры, – Вадим Цой.