Денсаулықтың кепілі – таза су

"Сулы жер – нулы жер" деп халқымыз тегіннен-тегін айтпаған. Жайлауға көшкенде аталарымыз суы мөлдір, шөбі шүйгінді жерді таңдаған. Суды қайдан және қалай ішкен? Жауабы оп-оңай. Олар бұлақ суын таңдады. Мұнан таза су денсаулыққа пайдалы екенін аталарымыз ежелден білгенін түсінесіз.
IMG_7403
Қалалықтар қандай суды пайдаланады?  Енді соған мән берейікші. Тобыл өзенінен болсын, су қоймаларынан болсын алынған суды бірден ешкім де ішпейді. Алынған су тазартылып, әбден сапалы күйіне жеткізілгесін тұтынушыға ұсынылады.
Бұл тұрғыда "Қостанай Су"-дың белгілеген шаралары маңызды. Суды технологиялық жолмен тазалау ісін сараптап көрейікші. Қостанай қаласы үшін судың негізгі көзі Аманкелді су қоймасы болып есептеледі. Мұндағы жалпылай қолданылатын судың көлемі 94,5 пайызды құрайтынын естігенде сенер, сенбесіңізді білмейсіз. Сонымен қатар жерасты суларын да қалалықтар тәбетпен ішеді.
Гидрожабдықтан су үш құбыр арқылы тазалатқыш қондырғыға құйылады. Тазалатқыш екі кезеңнен тұрады. Жобалық қуаты тәулігіне бір жүз мың текше метр.
Бірінші құрылымның құрылысы алпысыншы жылдары салынған. Қазіргі қуаты – тәулігіне жиырма бес мың текше метр. Бүгінде төрт сүзбе – қондырғы күрделі жөнделуде.
Суды тазартудың адам қызығатын тәсілі мынандай: Өзеннен жеткізілген судың хлорлану өлшем бірлігі – үш мг/дм3-ке дейін. Сосын су арнайы камерада тұрады. Ары қарай орташа есеппен 2,2 сағат бойы тұндыру орнында кідіртіледі. Мұнан кейін сүзгіден өткізіледі.
Тазарту тәсілі мұнымен тоқтатылмайды. Судың құрамы зертханада тексеріледі. Тағы да сүзгіден өткізу жұмыстары жүргізіледі. Сүзбе арқылы тазарту судың ағымын тездету тәсілімен атқарылады. Сүзгіден өткізу уақыты он екі сағатқа созылады.
IMG_7447
Түрлі ұсақ құмдардан арылған су таза резервуарға құйылып, тағы да хлорланады. Сосын ТОСТ 2874" дәрежесінде тұтынушыға беріледі.
Судың физикалық-химиялық және бактериологиялық құрамы үнемі бақылауға алынады. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің және қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының келісіміне сәйкес бақылау процесі күн тәрбінде тұрады. Олар судың температурасын, түсін, иіс мөлшерін, мөлдірлігін, бактериологиялық жағдайын тексереді. Санитарлық-химиялық сараптаманың отыз алты түрі қолданылады.
 
 
 
СУРЕТТЕРДЕ: суды тазартудың технологиялық жағдайына сай жұмыстар осылайша атқарылады.
 
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓