Бейбітшілік бейнесі – балалардың көзімен
Облыстық ТЖД қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына тас жолда сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Конкурсқа қатысушыларға түрлі – түсті борлар таратылып, жеткіншектер Отан, Тәуелсіздік, бейбітшілік тақырыптарында сурет салды. Балалардың барлығы дерлік елорданың көз тартатын Бәйтерек, Ханшатыр сынды көрікті жерлерін және мемлекеттік рәміздерді бейнелеуге тырысты. Бейкүнә суреттерден бала түйсіктегі бейбітшілік бейнесін байқауға болатындай.
Конкурсты қорытындылай келе, әділ қазылар Жансұлтан Айжанның, Серікбаева Ясминнің және Страшный Захардың суреттерін ерекше атап өтті.
Қостанай облысының ТЖД АҚБ