Алаштың арда ақыны
Қазақтың көрнекті ақыны Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Тұрғынбекұлының шығармашылық кеші өтті. Әдеттегідей, І.Омаров атындағы Қазақ драма театры кісіге лық толды.Кешке ақынның достары мен шығармашылық әріптестері жиналды. Алғашқы құттықтау сөзді Қостанай олысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев сөйлеп, облыс әкімі атынан Алғыс хат табыстады. Осынау басқосудың құрметті қонағы ретінде қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қатысты. – Ақын шындықпен бірдей жүреді. Ал Секеңнің шындығы – өлеңдері. С.Тұрғынбекұлының бүгінгі қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше. Оның қаламынан туған жырлар, драмалық шығармалар әдебиет сүйер қауымның арасында мойындалып қойған, – деді Тоқтар Оңғарбайұлы. Сондай-ақ кештің сәнін келтірген Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония әншілері ақынның сөзіне жазылған «Торғай қызы», «Толқиды Тобыл», «Түркістан» атты әндері тыңдармандардың зор ықыласына бөленді. Облыстық драма театр әртістері «Кейкі батыр» қойылымынан үзінді ұсынып, бірқатар өлеңдерін оқыды. «Костанайские зори» би ансамблі кешті бимен әрледі.Сонымен қатар жүздесуде Ғұмар Ахметчин, Нағашыбай Мұқатов, Ақылбек Шаяхмет сынды көрнекті тұлғалар ақынның шығармашылық ізденістері жөнінде толғады. Алтынсарин ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек Сейітов ақынның үстіне шапан жауып, батасын берді.
Кеш соңында Серік Тұрғынбекұлы өнер ордасына жиылған қауымға өзінің жүрекжарды жырларын оқыды.
– Жыр маржанын төсімнен терейін деп келдім мен,
Айым туып оңымнан, жұлдызым туып соңымнан,
Жақсылардың соңынан ерейін деп келдім мен.
Салқын ауа, самал жел Қостанайдың ауасын
Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков