Кімге барып, кімге айтам?..
Мен – Қостанайға «Серпін» бағдарламасымен келген студентпін. Жасырып қайтейін, әуел баста бұл қаланың тыныс-тіршілігіне бірден бейімделіп кете қойған жоқпын. Әлі күнге дейін жергілікті жұртқа үйреншікті көрінетін кейбір дүниелерге тіксіне қалатын әдет бар. Жастардың көбісінің «орысшаласуға» бүйректері бұрады да тұрады. Қазақша біле тұра тілді орысшамен шұбарлауды сән көре ме, түсіне алмаймын. Жарайды… Айтпағым бұл емес.
Кеше қала ішіндегі қоғамдық көліктердің біріне мінген едім. Бұл – Қостанай қаласы мен Қостанай-2 шағын ауданын аралайтын №10 маршрут. Автобустың шығар есігіне таяу орындардың біріне жайғасқам. Көзім қоғамдық көлікпен жүру құны, жеңілдіктер жазылған сары қағаздардағы қате-қате жазылған қазақша мәтіндерге түсті. «БаГа», мүгедектеКр», «балаларГа»… Жоқ, бұларды автобусқа ілмес бұрын көз жүгіртетін бір қазақ табылмай ма осы? Әлде «кім байқаптының» кері ме? Көшелерде ол… Тістеніп, «түкірігімді ішіме жұтып», дымымды сыртқа сездірмей отырдым да қойдым. Түсер аялдамама жақындағанда тағы бір «қызықтың» алдымнан ұшыраса кетпесі бар ма! Шопыр мырза алдыңғы әйнектің қақ ортасына Ресейдің мемлекеттік туын әдемілеп іліп қойыпты.Әуелі, тіліміздің кемсіп тұрған, енді мынау… Міне, саған "сериялы соққылар"! Әй, дегенмен мұндайды бұл қалада алғаш рет көруім емес. Таксилердің ішінде бірнеше рет көзімнің түскені бар. Біздің тудың қасында жұптасады жүреді. "Бұл өзі заңды ма екен? Осылай дұрыс па екен?" деген дүдәмалға да қаласың кейде. Шынымен де, жат елдің жалауын неге төл рәмізімізбен қосақтап ұстайды бұлар? Рұқсат берілгеннен сау ма? Сосын… жан-жағыма қарасам, өзге жолаушыларда (қазақтарды айтам) түк "реакция" жоқ. Көрші елдің теңбіл туы құдды бір маған ғана елестеп көрініп тұрған сияқты. Ай, жынның ұстағаны! Әттеңі – ана шопырға "лоқсытып" тұрған "гәбімді" лақ еткізіп, дұрысын дәлелдеп айтып берейін десем, «рүсскиім» ақсақ-тоқсақ. Бар қолдан келгені, ымымнан жым байқар ма деп, жалаушаға бір, шопырға бір қарадым да, басымды шайқадым. Бірақ, әрине, сызып жатқан ол жоқ… Маршруттан зып беріп түстім де, тоқтап тұрғанын пайдаланып, жалаушаны суретке түсіріп ала салдым (суретке жітірек назар салыңыз – бұлыңғырлау).
Кейін осы суретті көрсетіп, пікірлерін естимін ғой деп достарға жеткенше, айтқанша асыққам. «Өй, осы да тамсанып айтар әңгіме болып па?.. Е-е, ентіге жетіп келгенімдегі жаңалығыңның түрін…» деп, шорт кесті алғашқы танысым. Сөзді мүлде басқа бағытқа бұрып жіберді. Одан әрі мұны екінші біреуге әңгіме қылуға зауқым соқпай да қалды.
Сонда бұның соншалықты елеусіз дүние болғаны ма?
Айдар Қуат
орысша сөйлейтін адам орыстан туган гой….былайша….хи хи хи….
Айдар бауырым, дұрыс айтасың. Мұндай жағдайды мен де көріп жүрмін, бірақ оны кімге айтып, кімге шағымданамыз?.. Жеке көліктерде қоя берсін. Неге қоғамдық көлік пен үкіметтік ұйымдар мен үкіметтік көліктерде де Ресейдің туы тұрады? Шыны керек бізді мойындағысы келмейтіндердің ісі бұл.
биздин де канды кайнатты абден
Дұрыс қозғалған мақала.Мұндай қателіктер жалғыз қоғамдық автокөліктерде ғана емес ауруханалардың ішіндегі тақтайшалардада жиі кездесіп тұрады.Негізі жазуларды орыстар жазадыма деп ойлаймын.Бірақ соны тексеретін бір қазақтың болмағаны.Қазақшаны дұрыс жазу өз алдына,ал маршрутпен жүретін автобус жүргізушілеріне неге мəдениеттілікті үйретпейді деп ойлап қалдым.Мен үшін ақша тауып жүргендей.Кеше 13 автобустан түсіп келе жатқанымда мен түсіп болмай жатып автобус жүріп кетті.тиыным жерге шашылып мен құлап түсіп қалдым.Сонда менің орнымда қарт адам болса не болар еді.Масқара.Автокөлік жүргізушісі көңілсіз күйде отырғанын байқағам,сонда ашулымын деп осындай нарсе істеу керекпе?Қазақшаны дұрыстаймыз дейміз қазақ жүргізушінің қазаққа істегені мынау..