Жұмыртқа ұнтағы әзірленбек

Арқалық қаласында жұмыртқа ұнтағын әзірлейтін өндіріс орнын салу жоспарлануда. "Агроинтерптица" ЖШС инвесторы Максим Божко жұмыртқаны мұндай күйде кез келген елге экспорттауға мүмкіндік бар екенін айтады.
Жалпы, "Агроинтерптица" ЖШС жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикаларын жаңғыртумен айналысады және өндіріс қуаттылығын жылына 300 млн. данаға дейін арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта құс саны 470 мың бастан асады. 33 млн. дана өнім алынды. Биыл "Жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан фабрикаға үлкен қолдау көрсетіліп, құны 268 млн. теңгеге шақ инфрақұрылымның олқы тұстарын оңалту жоспарланып отыр.
Ең айтулы инвестициялық жоба – жұмыртқа ұнтағын әзірлейтін өндіріс орнының құрылысы болмақ. Жоба бойынша тәулігіне 1 млн. дана жұмыртқа ұнтағы дайындалады деп жоспарланып қойылған. Мұның сәтті іске асуына Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы холдингке қарасты құс фабрикаларын жұмылдыру көзделіп отыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓