Арқалықтық өрендер топ жарды
Жақында Алматы қаласында «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Самға, жұлдыз!» атты республикалық ән байқауы мәреге жетті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 5 және 9 жас аралығындағы отыз бес балғын әнші қатысып, бақтарын сынады. Осы айтулы додада Арқалықтағы «Раушан» бала-бақшасының қос бірдей балғын өкілі- Дастан Амантай мен Інжу Мақсұтбектер әділқазылардың өзін таңдай қақтырып, өз топтарында бірінші, екінші жүлделі орындарды жеңіп алды.Дастан Дарханұлының орындаған «Бір жұлдызың боламын» әнін қазылар алқасының мүшелері Майра Ильясова, Меруерт Түсіпбаевалар өте жоғары бағалапты.
-Бұл біз үшін айрықша қуаныш болды. Мұндайды күткен жоқ едік. Балапандарымыз үмітімізді ақтады. Эстрадалық вокал аталымында Інжу қызымыз жүлделі бірінші орынды еншілесе, Дастан екінші орынды иеленді. Үлкен жетістік. Біз мұнымен тоқталып қалмақ емеспіз. Алдағы уақытта әлі талай белестерді бағындыруға тырысамыз,-дейді балғын әншілердің музыкалық жетекшісі Салтанат Төлегенқызы.Айтпақшы, республикалық байқауда топ жарған қос бүлдіршінге «Раушан» бала-бақшасының ұжымы демеушілік етіпті.
Әлібек ЫБЫРАЙ