Қоғамдық кеңесте өңір жобасы талқыға түсті
Жақында ғана құрылған облыстық қоғамдық кеңесі мәжіліс өткізіп, мұнда нормативтік-құқықтық актілердің жобасы талқыланды. Кеңес төрағасы Сайран Бұқанов басқарған алқалы мәжілісте өңірдегі бюджет өзгерісінің енгізілуі әрі ауыл шаруашылығы басқармасы қаржысына қатысты мәселелер баяндалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан бюджет туралы ойларын айта отырып, кейбір бөлінетін қаржыларды қаржы дағдарысына байланысты үнемдеу үшін істеліп жатқандығына тоқталды.
– Бұл қаржының, яғни, 193 млн. теңгенің дені қай салаға жұмсалатындығы да айқын. Сондықтан да, әріптестер, бұған сіздердің қандай көзқараста қарайтындықтарыңыз анық,– деп Сайран Бұқанов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жобасын бірден мақұлдады.
Атап айтсақ, миллиондаған қаржының көбісі тұрғын үй комуналдық шаруашылығына және Затобол-Садчиковка-Сергеевка мен облыстық бағыттағы көлік жолдарының бағдаршамына жұмсалады-мыс.
Ал, ауыл шаруашылығы басқармасының жобасына сәл де болса ескертулер жасалды. Себебі, басқарма өкілі өз жобасын кеңес мүшелеріне жазбаша жеткізбей, тек электронды түрде ғана өңір кеңесінің электронды мекенжайына жөнелтілген. Бірақ, кейбірі мұны әлі қарап үлгермегенін айтты. Сонда да ұзақ талқыға түскен құжат біраз пысықталып, кеңес, әйтеуір шешім шығарды.
Өйткені, алда көктемгі егіс науқаны тұр. Бұл құжат қабылданбаса біраз шаруалар запа шегетіні айқын.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.