Балабақшалар уақытша жабылады

Мектепке дейінгі мекемелер жұмысы 1-1,5 айға тоқтайды. Облыс орталығындағы 23 мемлекеттік балабақшаның баорлығына дерлік ағымдық жөндеу жүргізіледі, алайда тек олардың онына ғана ауқымдырақ жөндеу жұмыстары жасалады:
– №6 балабақшаның су құбырын ауыстырады;
– №9 балабақшаның салқын су мен жылыту жүйесін қалыпқа келтіреді;
 – №4, №2, №44 және №69 балабақшалардың төбе жабындыларын жаңартады;
– №12 бөбекжайдың жылу жүйесі жаңғыртылады;
– №8 мекемеде су желілері жөнделеді;
– №15 балабақшада тағамхана,  сантехникалық құрылғылар жаңарып, қауыз көріктендіріледі.
Осы уақыттарда, яғни маусым-шілде айларында бұлардың қызметін арнайы кезекші топтар алмастырмақ. Ал, балабақшалар әдеткі режимде жұмыс істеуді 1 тамыздан бастайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓