Өрт өмір жалмады

Қайғылы оқиға Рудный қаласының 8 наурыз көшесіндегі 56-үйде болды. Дабыл қағылысымен мекенжайға жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға сағат 16.15-те кіріскен. Күрес оңайға түспеді. Жер үй толығымен жалын ортасында қалған. ПожаррррӨрт аумағы – шамамен 80 шаршы метр. №1 мамандандырылған жеке құрамнан 13 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды, сондай-ақ "ССКӨБ" көмекке тағы бір арнайы техника жіберді. Тәртіп сақшылары мен энергетиктер де осы төңіректен табылды. Алаудың алапаттығы соншалық, аулада тұрған "Форд" автокөлігіне де ауыз салған. Табанды әрі ширақ әрекет нәтижесінде өрт сөндірушілер әрең дегенде тілсіз жауға тойтарыс берді.  Ең өкініштісі, өрт толығымен сөндіріліп болған соң үй ішінен әйел адамның мүрдесі табылды. Кейін анықталғандай, ол 61 жастағы үй егесі Киненбаеваның денесі болып шықты.
Өрттің шығу және азаматшаның өлімінің себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓