Суға батып кетті

Таран ауданына қарасты Асенкритовка ауылының тұрғыны суға батып, мерт болды. Кейін белгілі болғандай, жас жігіт 11 мамыр күні атына мініп, әдеттегідей қыдырып кеткен. Туыстары оның үйге қайтып келмегенін тек таңертең ғана байқаған. Өз күшімен ізденіс еш нәтиже бермеген соң аудандық ішкі істер бөлімінің көмегіне жүгінген.1404807064_foto_spasateli
-Біздің қызметкерлер алдымен ауыл тұрғындарынан жас жігіттің аты мен итін өзен жағасынан көргендігін сұрастырып біледі. Атты тауып, оның ер-тоқымы шылқыған су болғандықтан біз сүңгуірлерді шақырдық. Аят өзенін бастан-аяқ іздеп жүріп, 13 мамырда жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін 3 метр тереңдіктен тауып алдық, – дейді Таран аудандық ІІБ басшысы Әзілхан Қазиханов.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірге марқұмның суға батып кетуіне не себеп болғандығы анықталуда. Жас жігіт жақыс отбасынан шыққан және ішімдікке әуес болмаған.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓