Депутат мәселе шешуде
№80 Северный сайлау округі бойынша сайланған Арқалық қалалық мәслихатының депутаты А. Ескендіровтің сайлаушыларының өтінішін аяқсыз қалдырмай, көкейтесті мәселелерін шешіп беріп жатқандығы жөнінде мұнан бұрын да жазған болатынбыз.
Депутат бұған дейін "Северный" поселкесіндегі қордаланып келген жаяу жүргіншілер жолын қалыпқа келтірсе, таяуда осы поселкенің «Рабочая» көшесі тұрғындарының өтініштерін де қанағаттандырып берді.
Мәселенің мәнісін тарқатсақ, "Северный" поселкесінде Ш. Жәнібек көшесінен «Рабочая» көшесіне өтетін жол тұйықталып тұрған. Себебі, көше Арқалық жылу электр компаниясының су құбырымен қалаңқаланған. Ол жерден тек қана жеңіл көліктер мен жаяу жүргіншілер ғана жүріп тұра алатын.
Тұрғындардың депутат А. Искендіровтің атына жазған кезекті хатының қысқаша мазмұнында: "Құрметті Анас Оразтайұлы! Сізге сайлаушыларыңыздың атынан өтініш білдіреміз. Көшемізге төтенше жағдайлар кезінде жедел жәрдем, өрт сөндіру, су соратын машиналар кіре алмайды. Көп жылдан бері соның зардабын тартудамыз. Осыған қандай да бір көмегіңізді беруіңізді сұраймыз. Рабочая көшесіндегі Сіздің сайлаушыларыңыз. 07.04.16 ж.",- делінген.
Қазір тұрғындардың өтініші толығымен қанағаттандырылып, күн тәртібіндегі мәселе оңтайлы жолға қойылды. Сайлаушылардың халық қалаулысына деген алғыстары шексіз.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.