Әкем болса ғой…

Өмірде әкенің тәрбиесі түгілі, өзін де көрмеген, жастайынан жетім өскен балалар бар екенін білесіз бе? "Шіркін, әкем болса, әке деп айтсам ғой" деп армандайтын балғындарды ше? Бірақ бауыры бүтін, көйлегі көк, тамағы тоқ адамдар әкесіз өскендерді ойлап қайтсін.
әек
Мен үшін әкенің орны тым бөлек. Себебі, мен де әкесіз өскендердің қатарынанмын. Әкенің мейірімін, махаббатын сезініп көрмеген жанмын. Сондықтан болашақ жұбайымның мен сияқты жетім болғанын қаламаймын. Екінші жартымның әкесі болса ғой. Ең болмағанда сол сәтте әкенің махаббатын сезінер едім.
Кейбір балалар әкесін күнде көргенімен, ата-ананың тәрбиесіне, мейіріміне зәру. Себебі қазір үлкендер жағы жұмыс-жұмыс деп бала тәрбиесін кейінге қалдырады. Сөйтіп жүріп кішкентайларының қалай ержеткендерін білмей қалады. Неге олай екен? Аяулы әкелер, бала мен жарыңыз жаныңызда ғой. Сіздерге одан артық не керек?
 
Айгүл ӨЗЕКОВА,
Еуразия Ұлттық университеті
журналистика факультетінің 1 курс студенті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓