Жылуға жұмсалатын қаржыңды үнемде, ағайын!..

Қазір мемлекетіміздің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы аясында бірқатар келелі істер өңіріміз-де қарқынды жүзеге асуда. Соның бір парасы Қостанай шаһарында да атқарылып жатыр.
IMG_4871
Әсіресе, Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың аяғы-на дейін тұрғын үйлерде жылу есептегіш құралдары орнатылып, халықтың игілігіне жаратылу керек. Қостанай қаласында 37 тұрғын үйге осы құрал орнатылып, қазір пәтер иелері өз қаражаттарын үнемдеп жұмсауға көшті. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды  реттеу агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің халық арасында осы тұрғыда үгіт-насихат жүргізу мақсатымен біздер Қостанай қаласының Чкалов көшесіндегі №2А  үйінде  болып,  "Надежда" пәтер иелері кооперативінің игі істеріне куә болдық.
Аталған кооперативтің басшысы Константин Крючков бізге жылу есептегіш құралдарының қойылу барысын және пайдасын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкері Алтынай Байсаринаға әңгімелеп берді.
– Аталмыш құрал, міне, төртінші науқан істеп тұр. Бұл құралды сатып алып, орнатуға біздер 320 мың теңгеге жуық қаржыны жұмсадық. Бұл қаржы осы үйде тұратын тұрғындардың жылу тарифтеріне төленетін қаржысынан үнемделді. Ең алдымен біздер оларға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сөйтіп келісімін берді. Ал, қазір олар әр жыл сайын 32% үнемдеп төлеп отыр. Бұл дегенің көп жақсы емес пе?І Алдағы уақытта біздің кооператив енді бұл құрыл-ғылардың автоматты түрін қоймақшы. Мұның тиімділігі де жақсы. Барлығын автоматты түрде басқарып отыруға әбден болады, – деп Константин Константинович ағынан жарылды.
– Рас. Сөзіңіздің жаны бар. Енді біз мұндай игі шараларды басқа да қалаларда ұйымдастырмақшымыз. Атап айтсақ, Рудный, Жітіқара, Арқалық, Лисаков қаласы тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігін байыптап, сараптап түсіндірмекші-міз. Бұған БАҚ-да өз үлесін қосса деген ниеттеміз, – деді Алтынай Байсарина бізге қарата сөйлеп.
Әсілі, мұндай жылу құралының тұрғын үй иелерінің қаржысын үнемдеуге көп септігі тиетіні бірден байқалып тұр. Елбасының осы бағдарлама аясында қазір өңіріміз бойынша 248 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, Қостанай шаһарымен қатар, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара қалалары осындай құрылғылармен жабдықталады, кейбірі жабдықталды да. Тек бұған кейбір тұрғындар келісімін бермей, көнбейтін көрінеді.
– Иә, тұрғындарымызға ақпараттың жеткіліксіздігінен бірқатары келісімін бермей, кооператив басшылары көндіре алмауда. Ал, біздің департамент осы жайтты ұғындыру үшін осындай кішігірім акциялар жасауда. Жылу құрылғыларын орнатқан үй тұрғындарының өз қаражатын қалай үнемдеп жатқандығын біздер үнемі жүрген жерлерімізде әңгімелеудеміз, – деп Алтынай Байсарина ақпараттық түсіндіру жұмыстарының халыққа қажеттігін әңгімелеп берді.
Кооператив басшысы Константин Крючков пен Табиғи монополияларды  реттеу департаменті қызметкері Алтынай Байсарина жылу есептегіш құралын тексеру үстінде
 
Нұрболат Мешітбаев
Суретті  түсірген:  Бағдат  Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓