8 үй апатты деп танылды
Қостанай құтқарушылары мен комуналдық қызмет әлі күнге дейін Суриковты судан құрғату жұмыстарын жалғастыруда. Ауыл ішін жайлаған қызыл су айтарлықтай азайған, алайда әлі 30 см деңгейінде тұр.
– Шамамен, он күн ішінде су сору жұмыстары толығымен аяқталады. 20 шақты үй қарғыннан құрғады. 8 баспана апатты делініп отыр. Бұл сегіз отбасын тұрғын үймен қамтыдық,-дейді Қостанай ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Азамат Кашиев.
Қайта қалпына келтіруге жарамсыз үйлерді ресми сараптама санап шықты. Жарамды деп танылған үйлердің кейбірінің де ылғалдан қабырғалары қақырайтын түрі бар. Бірақ оның алдын алуға болады. Әр отбасыға миллион теңге осындай кем-кетіктерді түзету үшін де берілген-ді.
Ауыл тұрғындары да қарап отырған жоқ. Аумақты үгіліп бұзылған және қызыл сумен келген қоқыс-қалдықтардан тазартуға біріге кіріскен. Олар су толық құрғаған соң күтіп тұрған жұмысты көзге елестетудің өзі қиын екенін айтады.