Ыңғайлы әрі тиімді

Қостанайлық кәсіпкерлер сертификаттаудың электронды жүйесін белсенді түрде игере бастады. Сертификаттаудың электронды нұсқасы әлемдік нарықта қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға және бизнес субъектілеріндегі кедергілерді азайту мақсатында енгізілген.1111_0
-Бұрын мен кәсіпкерлер палатасына бірнеше мәрте барушы едім. Алғашқыда өтініш қалдырамын, сосын тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға және баратынмын. Қазір барлық құжаттарды үйден шықпай-ақ рәсімдей беремін. Ешқайда барудың, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Онлайн арқылы өтініш беру уақытты көп үнемдейді. Әсіресе, шалғай аудандарда тұратын кәсіпкерлер үшін бұл өте тиімді, – дейді «ASLAN  GRAINS» және Деревянко шаруа қожалығының директоры Инна Гавриляк.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы тауарлардың шығу тегін сертификаттау бөлімінің  маманы Елена Кункельдің сөзінше, электорндық нұсқабизнес өкілдері үшін өте ыңғайлы. Мәселен, онлайн тапсырыс беру үшін бар болғаны https: //doc24. Kz/ сайтына тіркеліп, қажетті құжаттарды толтырған жөн.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасы өтініштерді қағаз түрінде де, онлайн жүйесі арқылы да қабылдап жатыр. Алайда, келешекте құжаттар толық электрондық жүйеге көшіріледі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓