«Мың бір түннің бір түні»

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры жексенбі күні Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылығы мектебінде «Мың бір түннің бір түні» атты хореографиялық би спектаклін ұсынады.  
Театр репертуарынан ерекше орын алатын бұл спектакль  Астана қаласының, сондай-ақ еліміздің бірқатар мәдени ошақтарында  үлкен жетістікпен сахналанған болатын.скачанные файлыОқиға араб елдерінің ең ірі шаһарының бірінде өтеді. Хореографиялық спектакль етікші Маруф пен ханшайым Эсмигюль арасындағы махаббат жайлы. Спектакльдегі басты оқиға қымбат таспен әшекейленген, інжу көзді жүзікке қатысты өрбиді.
Қоюшы режиссеры – театрдың бас балетмейстері, көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓