Мешіттен – мини-футболға
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі бірігіп, дін жолында жүрген жастар арасында мини-футболдан жарыс өткізді.
Жарыс намазхандардың арасында бір-біріне бауырмалдылығын, елге деген отансүйгіштігін арттыру мақсатында өткізілген болатын.
Осы шараға 8 команда қатысып, жақсы нәтиже көрсеткендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
өкілдігінің баспасөз қызметі