Заңсыз тексеру кәсіпкерлікті көгертпейді

Елімізде бизнес субъектілерін қолдауға барынша жағдай жасалғанмен, олардың қызмет етуіне бақылаушы органдар мен жергілікті атқарушы билік тарапынан болатын кедергілер де азаймай отыр. Рұқсат құжаттарын беру кезіндегі әуре-сарсаңға салу, тексеруді жоспарлау және өткізу кезінде жіберілетін өрескелдіктер, негізсіз жауапқа тарту қатарлы заң бұзушылықтар әлі де тыйылмақ емес. Облыстық прокуратурада кәсіпкерлердің құқығының қорғалуы, тексеру жүргізудің жоспарлануы мен өткізілуінің заңдылығы мәселелеріне арналған алқа отырысы өтті. Жиынға облыс әкімдігінің басшылығы, бақылаушы органдардың жетекшілері, қоғам өкілдері қатысты.М.Кайбжанов
Елімізде биылғы жыл басынан кәсіпкерлік туралы жаңа кодекс күшіне енген болатын. Заңның жаңа нормаларында бизнес субъектілеріне тексеру жүргізілген кезде, олар бірнеше тәуекел дәрежесімен бағалану тәртібі бекітілгені келтірілген. Айта кетейік, тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады. Өрескелдікке ең көп жол беретін  тұтынушылар құқығын қорғау департаменті –10 және төтенше жағдайлар департаменті – 8.
– Мәселен, «Заречное», «Садчиков» и «Белозерка» серіктестіктерін негізсіз тексеріп, керісінше,  тәуекелдің жоғары дәрежесіне жататын 5 кәсіпкерлік нысаны тұтынушылар құқығын қорғау органдары назарынан тыс қалған. Осы қатарлы негізсіз тексеру жүргізуді жоспарлаудың 20 дерегінің жолы кесіліп, бақылаушы органдардың кәсіпкерлер қызметіне заңсыз араласуы тоқтатылды. Кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа және әкімшілік өндіріп алуға негізсіз тарту барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың 29 фактісі анықталды, – деді облыстық прокуратураның 1-ші басқарма бастығы А.Сыздықов.
Бизнес субьектілеріне жер учаскелерін беру барысында жергілікті атқарушы органдардың 20-дан астам қаулысында олардың нақты қызметі негізсіз көрсетілген, оның барлығы кәсіпкерлердің қосымша рұқсат ету рәсімдерінен өтуге себеп болыпты.
Ағын суларды қабылдау ережесін өз бетінше әзірлеп, кәсіпкерлерге қосымша міндеттер жүктеген «Жітіқаракоммунэнерго» МКК-ге қатысты шаралар қолданылыпты. Қарабалық аудандық «Жылу» МКК кәсіпкерлерден алдын ала 100% төлемақы алса да, артынан тарифтің көтерілуін алға тартып, қызмет көрсетуден бас тартқан. Ал «Тобыл» футбол клубы сауда орындарын жалға беру туралы келісім әзірлеп, онда кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа тарту және айыппұлдар салу құқы жөнінде шарт енгізген.
Сонымен қатар, атқарушы биліктің кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салуы да азаймай отыр. Табиғи ресурстар басқармасында балық аулауға рұқсат беруден бас тарту деректері соған дәлел. Айталық, биыл ақпан айында «Жоғарғы Тобыл балық тәлімбағы» ЖШС-не балық аулауға рұқсат алу үшін 3 тиын жетпегені үшін шаруа аяқсыз қалған. Анығында тиын 2001 жылдан бері ақша айналымынан алынып тасталғаны белгілі. Ал мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы қызметкерлерінің салғырттығынан 38 кәсіп иесі лицензиядан қағылған.
Прокуратура аталған өрескелдіктерге қарсылық жасап, келісім-шарттарды жасауға тыйым салыныпты. Құзырлы органның ықпалымен жергілікті атқарушы органдардың актілері қолданыстағы заңнамамен сәйкестендірілді дейді прокурорлар.
Жалпы үстіміздегі жылы қолға алынған шаралардың нәтижесінде құзырлы орган қызметкерлері 414 кәсіпкердің құқығын қорғаған. 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 16 заңсыз акті жойылған және өзгертілген екен.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша аймақ прокуроры М.Қайбжанов бақылаушы және жергілікті органдарға қолданыстағы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтап-орындауды, аталған өрескелдіктерге алдағы уақытта жол бермеуді тапсырды.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓