10 млрд. теңге инвестиция құйылады
Бүгін Астанада Қостанай қаласының жылу және сумен қамту, су тарту жүйелерін жаңғырту жобалары бойынша қайта жөндеу және дамыту жөніндегі Еуропалық банкпен келісім-шартқа қол қойылды.
Қаржылық және жобалар бойынша ЕБ президенті Сума Чакраборти мен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ымыраға келісті.
Жобалардың жалпы құны – 10,8 млрд. теңге (жылумен қамтуға – 4,5 млрд. теңге, ауыз сумен қамту және су тарту жүйелеріне – 6,3 млрд. теңге бөлінеді). Мұның ішінде ЕБ инвестиция сомасы – 6,1 млрд. теңге, ҚР Үкіметі тарапынан қарастырылатын қаржы – 3,6 млрд. теңге.
Аталған қаржыландыру 43 жобаны жүзеге асыруға бағытталады, оның 21-і жылумен қамтуға, қалған 22-сі ауыз сумен қамту және су тарту жүйелеріне тиесілі.
«ҚЖЭК» КМК 2016-2018 жылдар аралығында 3,3 шақырым желі және 9 жылумен қамту нысаны жөндеуден өткізілмек. Бұл жүйелердің қуаттырақ жұмыс істеуіне мүмкіндік ашып, кәсіпорынның мұқтаждықтары үшін сатып алынатын электр энергиясына кететін шығынды 30 пайызға төмендетеді деп күтіледі. Сондай-ақ, табғи газ тұтынысын, жылу жүйелерінің пайдалану мерзімін ұлғайтпақ.
Үш жыл бойы «Қостанай Су» мекемесінде 3,3 шақырым магистралды су тарту құрылғысын және 7,7 шақырымдық коллекторды жөндеуден өткізу, тазартқыш ғимараттарды жаңғырту жоспарға алынып отыр. Мұның сыртында, 7 сумен қамту және су тарту жүйесін қайта қалыпқа келтіру көзделуде. Осылайша, келешекте коммуналдық мекеме жылына 140 млн. теңге үнемдей алмақ, яғни қазіргі кездегі шығын 10 пайызға дейін қысқарады.
Сонымен қатар, аталған екі мекемеде де арнаулы техникалар жаңартылады.
-Біз осы уағдаластықты мақұлдаймыз. Өйткені бұл қазақстандық екі қаланың да тұрғындарына елеулі пайдасын тигізеді және ел бигілімен арадағы әріптестігімізді бекіте түсері сөзсіз,-дейді Чакроборти мырза.
Ал, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аталған жобалардың іске асуы коммуналды мекемелердің халыққа ұсынатын қызметтері сапасының арта түсуіне ықпалды болатынын айтты.
-Біз қалыпқа келтіру және дамыту жөніндегі Еуропалық банкпен арадағы тұрақты әріптестік облысымыздың коммуналды саласын жаңғыртуды жалғастыра беруге мүмкіндік береді,-деді А.Мұхамбетов