Орман отқа оранды
Әулиекөл ауданына қарасы Новонежин ауылы маңында қарағайлы орманында өрт шықты деген хабарлама кеше сағат 15.45 кезінде табиғат ресурстары басқармасына келіп түскен. Өртті ауыздықтау үшін шұғыл түрде орман шаруашылығы қызметшілері, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жолға шықты. Оқиға орнына жеткен148 адам, 80-нен астам түрлі арнай техника тілсіз жаумен күресті. Жалын сегіз сағаттан кейін бой беді, яғни түнгі 23.18-де толығымен тұмшаланды.Төтенше жағдай маңында өрт сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылып Облыстық ІІД жедел тергеу тобы, ӨҚ және АҚЖ мекемесінің қызметшілері әліжұмыла жұмыс істеуде.
Өрт 21 гектар аумақты шарпыған. Алдын ала болжамдар бойынша, оқиғаға абайсыздық, от тұтынудағы орашолақтық себеп болуы мүмкін.