Инспекция басшысы қызметінен босатылды

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы заңсыздыққа жол бермеу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі барлық мемлекеттік органдарға тескеріс жүргізуде. Осындай тексеріс барысында департамент қызметкерлері үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясынан заң бұзушылықтарды анықтаған. 1334734037_creslo_chinАталған инспекция басшысы Марат Бегімбетов ҚР ҚК 311 бабы, 2 бөлімі бойынша 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 5 жыл бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілген М.Сломоновты бөлім бастығы қызметіне алған. Осы іске қатысты инспекция басшысы Бегімбетов Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен айыпты деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасына тартылған болатын. Осы іске қатысты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппелияциялық сот алқасы да Бегімбетовтың шағымын қанағаттандырған жоқ. Өйткені, заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылуы тиіс. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың 14 мамырында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды белшесінен басқан инспекция басшысы М.Бегімбетов те, бөлім басшысы Соломонов та атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓