Пітір садақа мөлшері белгіленді
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында берілетін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленді, деп хабарлайды "Қазақ газеттері" сайты, www.muftyat.kz-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс мүшелерінің, яғни, ғұлама-ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді.
Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап, ораза айт мерекесіне дейін беріледі.