Медицина электронды нұсқаға көшеді

2019 жылы еліміздің медицина саласы толықтай электрондық қызмет көрсету форматына көшеді. Бұл туралы ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев мәлімдеді.
вице минитср
Баспасөз мәслихатында аталған саланы цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, мобильді денсаулық сақтау элементтерін енгізу, емдеу жоспарларын диагностикалау және басқару, жасанды интеллект құру және енгізу, ақпараттық және интероперабельділік үшін платформаны жеткізу сияқты сандық мәселелер талқыланды. Вице-министрдің сөзінше, медициналық ақпараттық жүйелерді “қала, аудан орталығы” деңгейінде қамту деңгейі 96,7 пайызды құрады. Ал, осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отырған көрінеді. Сонымен қатар, О.Әбішев 2017 жылы 14 қыркүйекте ҚР ДСМ мен IBM компаниясы арасында Watson for oncology – жасанды интеллектті енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын ескертті. Оның сөзіне қарағанда, онкология және радиология ҒЗИ базасындағы пилоттық тестілеу кезінде онколог дәрігерлердің қатысуымен 13 нозология түрі бойынша 57 ем жүргізілген. Дәрігерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 90 пайызы пилоттық тестілеудің тиімділігін көрсеткен. Сонымен қатар, вице-министр электрондық денсаулық паспортының тиімділігі туралы да айтты. Науқас туралы барлық ақпаратты бір репозиториінде сақтайтын электрондық денсаулық паспорты елдегі медициналық ұйымдарда науқасты қарау және емдеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Электрондық денсаулық паспортында әр адамның дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциясы, қарапайым диеталық жағдайға дейінгі барлық мәліметтер сақталады. Сондай-ақ, паспорт арқылы тұқым қуалайтын, яғни хронологиялық ауруларды, дұрыс тамақтану жүйесін, денсаулық сақтаудың барлық қағидасын білуге болады.
 
ҚР ДСМ баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓