COVID-19: +60
18 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясы 60 адамнан анықталды.
Сырқатқа Қостанай қ. 14 адам, Рудный қ. – 17, Лисаков қ. – 9, Жітіқара ауданында – 9, Қарабалық ауданында – 6, Денисов ауданында – 1, Алтынсарина ауданында – 1, Б. Майлина ауданында – 1, Қостанай ауданында – 1, Федоров ауданында 1 адам шалдықты.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде қаралған, 2 адам профилактикалық мақсатта, 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (жоспарлы түрде жатқызудың алдында) тексерістен өткен.
Індет жұқтырғандардың ішінде 44 адамнан аурудың симптомды, 16 адамнан симптомсыз түрі анықталып отыр.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 18 қараша аралығында COVID-19-ды 4490 адам жұқтырып, 3416 адам емделіп шыққан.