Өрт өтінен өмірі арашаланды
Қостанай облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне алты жасар бала жеткізілді. Ол жеке үйде шыққан өрттен құтқарылған.
Қостанай облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен хабарлағандай, тұрғын үй баланың отпен ойнауы салдарынан өртенген. Тілсіз жау туралы ақпаратты төтенше жағдайға куә болғандар хабарлады. Олар құтқарушылар келгенге дейін баланы үйден алып шыққан.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағаттай арпалысты. От 75 шаршы метр аумақты шарпыды. Бала дене күйіктермен қарқынды терапия бөліміне түсті.