Досына пышақ жұмсап…
Денис толық емес отбасында өсті, оның тәрбиесімен әжесі айналысты. Анасы жұмыс істемейді, ішімдік ішіп, ұлының тәрбиесіне аз көңіл бөлетін. Бұрын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі тобының инспекторлары түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүргені үшін Денисті бірнеше мәрте ұстаған.
Денистің досы көп емес, ол мектепте Олегпен дос болды. Бірде футбол ойынынан кейін Олег өзінің ұялы телефонын жоғалтып алғанын байқады, осының алдында ол Денистің жерден бірдеңе алғанын көрген еді. Осыдан кейін ол Дениске өзінің телефоны туралы айтып, тауып алса оны қайтарып беруін сұрайды. Бірақ Денис телефонды кейін беретінін айтты. Олег телефонды қазір беруін сұрап тұрып алды. Олар келіспей қалды. Денис өз-өзіне ие бола алмай, қолдан істелген пышақты Олегке сұғып алды.
Сот ҚР ҚК 103 бабы бойынша Денисті айыпты деп танып, ҚР ҚК 63 бабын қолдана отырып оған шартты түрде үш жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жасөспірімнің дұрыс жолға түсіп, өмірінде өз жолын табуға әлі де мүмкіндігі бар.
Қостанай қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының материалы бойынша дайындалды.