Ауыр қылмыстың беті ашылды
Лисаковтық полицейлер кісі өлтірген қылмыскерді ұстады.18 желтоқсанда Лисаков қаласында жер үйден 46 жастағы ер адамның мәйіті табылған еді. Денеде зорлы-зомбылық белгілері болды. Полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен қала тұрғынын құрықтады. Қазір ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Тергеу-оперативтік шаралары барысында, оқиға болған күні Лисаков қаласының тұрғыны қолға түсіп, қамауға алынды. Күдікті кісі өлтіргенін мойындады", – деді қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері.