Абайла, алаяқ!

Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіріле түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды.
алааяқ
Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасау-дың жаңа әдістері пайда болуда. Уақыт өтсе де  өзгермейтіні қылмысты жасаудың себебі ғана-ол адамның пайдакүнемдік теріс пиғылы.Оңай олжаны көздегендер алаяқтықты кәсіпке айналдырады. Бір әдіспен қашанғы алдай алсын?      Алаяқтық та күн өткен сайын өзгеріп, жаңа  әдіс-тәсілмен жетіле түсуде. Не-сиені үшінші адамдар арқылы заңсыз ресімдеу, иелікте жоқ мүліктің сауда-саттығы, туысқандар туралы жалған мәліметтер беру, алдап-арбаудың сан қилы айла-шарғылары пайда болуда.
Өмір шындығы  меншікке қарсы қылмыстың алдын алу және онымен күресуге қатысты жаңа талаптар қоюда.    
Алаяқтық жасаудың негізгі шарты азаматтардың "пайдалы" іске тартпақ бол-ған бөтен адамдарға орынсыз сенгіштігі  болып табылады.Алаяқтық  дегеніміз ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу. Алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс. Егер жаңа танысыңыздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын (куәлік, сенімхат, сертификат, т.б.) көрсетуін сұраңыз. Әр түрлі себеппен ол ұсынған іс-әрекеттің орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
 
Облыс прокуратурасының
материалы бойынша дайындаған
Мнауара Қабдрахметова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓