Астық экспорты ұлғайды

Дәнді өлке бидай және ұн экспорты көлемін арттырды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгіндері қостанайлық диқандар шетелге 400 мың тоннадан артық бидай мен 200 мың тоннадан астам ұн сатқан. Ауылшаруашылық саласы мамандары бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда ежептәуір көп екенін айтады.астык
Облыс диқандары биыл да астық сату жөнінен әлемдік нарықтан еселі енші алуды көздеп отыр. Өйткені ресейлік рубль мен АҚШ доллары курсының өсуі қостанайлық кәсіпкерлер үшін тиімділікке жол ашатындай. Оның үстіне нарықта астыққа деген сұраныс та арта түскен. 
Ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, былтыр Қостанай облысы 900 мың тоннадан астам бидай мен 500 мың тоннаға жуық ұн экспорттаған. Бұл 2014 жылғыға қарағанда азырақ. Есесіне, 2016 жылдың басынан-ақ жағдай жақсы жаққа қарай өзгерді. Себебі, бидай мен ұн қайтадан Иран мен Ауғанстанға сатыла бастады. Нақтылап айтқанда, бүгіндері былтырғымен салыстырғанда экспорт көлемі екі есеге артып отыр. Осы күнге дейін 474 мың тонна бидай, 230 мың тонна ұн шетелге шығарылды. Бұл 4-ақ айдың есебі екенін ескерсек, жыл соңына дейін көрсеткіш көлемі әлі өсері сөзсіз.мука
Ал биылғы өнімнің құны қанша болатыны туралы әзірге аталмай отыр. Десе де ауылшаруашылық тауар өндірушілері астықтың тоннасы 50 мың теңгеден төмен болмайды деп үміттенеді. Өйткені диқандарға, бағаның өсуіне байланысты, егіс жұмыстарына жұмсалатын жалпы шығын көлемін айтарлықтай өсіруге тура келді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓