Киік аулауға рұқсат берілмек

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын дайындады. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат туралы тарау "ақбөкендердің деривативтерін жинау" тармақшасымен толығады, деп хабарлайды Экспресс К.
"Сонымен қатар тарау аңшылыққа, кәсіптік балық аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға, ғылыми-зерттеу балық аулауға, мелиоративтік балық аулауға, өсімін молайту мақсатында балық аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сонымен қатар рұқсаттар туралы толықтырылды. Онымен қоса жануарлар түрлерін репродуктивті мақсаттарда пайдалану эпизоотиялық аурулардың алдын алу, ақбөкендердің дериватын жинау мақсатында қолданылады",– делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызмет мына мекемелерде көрсетіледі:
  • Екі немесе одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында белгiленген шектерде және квоталарда ғылыми-зерттеу балық аулауды қоспағанда жергiлiктi атқарушы органдары арқылы;
  • Екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу балық аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бөлім арқылы;
  • Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында ақбөкен деривативтерiн жинау мақсатындағы бөлiм арқылы.
Ақбөкен деривативтерін жинауға рұқсат беру кезінде ЭЦҚ-да куəландырылған "жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру туралы" өтініш беріледі. Ол "электронды үкімет" веб-порталы арқылы арнайы бекітілген нысанда электрон нысанда жіберіледі.
Құжат 21 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.
Айта кетейік, Қазақстанда ақбөкендердің саны 1 миллион 318 мыңға жетті. Былтыр 842 мың бас ақбөкен болған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓