«Гүлнар турдің» ісі Бас прокуратураға жетті
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар индустриясы комитеті Бас прокуратура өкілдері бірігіп, «Гүлнар тур» компаниясы қызметінен зардап шеккендердің тізімін құрастыруда, деп хабарлайды комитет төрағасы Марат Игалиев.

Естеріңізге сала кетейік, «Гүлнар тур» туристік операторларының кесірінен жүздеген компания клиенттері елімізге уақытылы орала алмады. Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша 80-ге жуық жолаушы Түркиядан дер кезінде қайта алмаған еді.
Қазір Түркияда қалған туристтерді жеткізу үшін жедел штаб құрылды. Бүгінгі күні 1 мыңға жуық адам жеткізілген. Соңғы туристтер елімізге 11 шілде күні әкелінеді.
Еліміздің әрбір өңірлерінде, сыртқы істер министрлігі, туризм комитеті және Анталияда сенім телефондары іске қосылды.
Шұға Қоңқабай
Сурет Алау.кз сайтынан алынды