Рудныйда 3D кинотеатр ашылды

Рудный қаласындағы «Горняк» ойын-сауық орталығында толық метражды фильмдер көрсететін 3D кинотеатр ашылды.65634_591283_12
-Көрермендердің сұранысы бойынша, біз «ССКӨБ» АҚ басшылығымен, «Горняк» ОСО әкімшілігімен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде бізді қолдап, 300 орындық киноконцерт залын бізге жалға берді. Әріптестігіміз ұзаққа созылады деген үміттеміз, – дейді жеке кәсіпкер, «3D Cinema» жобасының авторы Бақыт Бердіқожаев.
Еске сала кетейік, былтыр кеншілер шаһарындағы мемлекеттік «Айгүл» кинотеатрының залын жалға алып, көрермендерге осындай форматта кинотуындылар ұсынып келген кәсіпкер келісім-шарттың аяқталуына орай өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Енді, міне, қаланың қақ орталығында орын тепкен зәулім сарайға қоныс аударып отыр.1
Кинотеатрдың ашылуында әлемдік кинопремьералар – «Пятая волна» мен «Элвин және боршатышқандар 4» шығармалары көрсетіле бастады. Кинозалдың репертуарын апта сайын жаңартып тұру көзделген. Күндізгі сеанстарда негізінен мультфильмдер көрсетілсе, кешкі алтыдан кейін ересектер үшін киноленталар қойылады.3d-kinoteatr
-Мен «Горнякта» 3D форматтағы фильмдердің көрсетіле бастағанына өте ризамын. Қалада онсыз да жастардың демалысын өткізетін жерлер некен-саяқ. Бағасы да қолжетімді, студенттерге 800 теңге ғана. Ең бастысы, әлемдік премьераны тамашалау үшін Қостанайға барып, шығындалудың қажет қалмады, – дейді Рудный индустриялық институтының студенті Ерсейіт Жүнісов.
Жоба жетекшісі бұл кинотеатр – студенттердің және жас отбасылардың сүйікті демалыс орнына айналатындығына сенімді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓