Кесел кесірінен ауыл карантинге жабылды

Федоров ауданының Запасное ауылында екі бас ірі қара күйдіргіден (сібір жарасы) өлген.Бұған дейін бірнеше сайт үй жануарларына жаппай індет тиюіне байланысты аталған ауыл карантинге жабылғаны туралы ақпарат таратқан еді. Бірақ Федоров ауданы әкімдігіндегілер бұған дейін ешқандай БАҚ-қа ресми мәлімет берілмегенін, карантин енді ғана жарияланып отырғанын айтты."Зертханалық және клиникалық сараптама 2 бас ірі қараның сібір жарасынан өлгенін дәлелдеді. Жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, аса қауіпті індет туралы ескерту шаралары басталды. Қазір ауылда республикалық эпизоотияға қарсы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", — дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Болат Бақытжан.Запасное ауылында осы мәселеге байланысты облыс мамандарының және халықтың қатысуымен арнайы жиын өтіпті. Онда тұрғындарға сақтық шаралары мен карантин талаптары жан-жақты түсіндірілген. Сондай-ақ күні малға қарап отырған жұртқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі."Ауылда сүт және сүт өнімдерін сатып, нәпақасын айырып отырған адамдар көп. Кесел кесірінен малдары өлген тұрғындардың шығыны республикалық бюджет есебінен өтеледі,— деді бөлім басшысы.
Қазір жедел штаб жұмыс аумағын анықтап, ауылға кіреберіс жолға шлагбаум қойдырған. Мамандар жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓