Жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін…
Үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде сот аз. А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Ж.Тілеубергенованың айтуынша, айыпталушы осы жылдың маусым айында Қостанай қаласындағы Карбышев-Гвардейская көшесінде жалған мемлекеттік нөмірді тағып алған “БМВ” маркілі көлігімен келе жатқанда ұсталған. Тергеу нәтижесі бойынша, мемлекеттік нөмірдің іс жүзінде аз.Б.-ға тиесілі “ВАЗ 2102” автокөлігіне бекітілгендігі анықталған. Осылайша, ҚР ӘҚБтК 461 б. 3-1б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған аз. А. соттың шешімімен 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қарлығаш Оспанова