«Дастарханнан» дәм тат!

Ұлттық тағамдарды сүйіп жейтін жандар үшін жақсы жаңалық. Қостанайда «Дастархан» деп аталатын қазақы дәмхана есігін айқара ашты. Ғимараттың сыртынан-ақ қазақылықтың сипаты байқалады. Ал, ішіне енсеңіз, ою-өрнек, қара шаңырақ, ұлттық нақыш көзіңізге оттай басылады. Жайлы, ыңғайлы, көңілге тыныштық сыйлайды. Әріректе бір отбасы сыярлықтай сәкі де бар. Басты артықшылығы, барлық тағам – жүз пайыз халал.IMG_1084
 
IMG_1079
IMG_1115«Дастарханды» Қостанайға әкелген – Гүлбақыт Бекмурзина есімді азаматша. Кәсібін алғаш Жезқазған қаласында бастаған ол астықты өлкеде қазақы асүйге сұраныс көп екенін естіп келген. Гүлбақыт – хақ жолын танып, имандылыққа бет бұрған жан. Сол себепті, қос қаладан тауып отырған нәсібі адал.
-Байқасам, Қостанайда өзге ұлт асханалары көп екен. Таныстарым жиі осыны есіме салып отыратын, ақыры бел буып кірісе кеттім. Ашылғанына көп болмады. Бірақ, тұрғындар қызықтап кіріп, дәм татып, алғыстарын жаудырып кетеді. Ас мәзірінде: ет (бесбармақ), қуырдақ, нарын, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдар. Жақын арада Қытайда тұратын аспазшы бауырымыз келеді. Келісімен мәзіріміз басқа да дәмді тағадармен толыға түседі,-дейді жас кәсіпкер.IMG_1090
Дәмханада даяшылар әдептен аспайды. Келген қонақтарға инабаттылықпен қызмет көрсетеді. Қыздары бастарынан орамалдарын тастамайды. Ұзын етекті көйлек киіп, қазақ қызының сипатын жоғалтапаған.IMG_1113
-Бар байлығым – отбасым. Қазір олар Жезқазғанда. Имран есімді 6 жасар ұлым, 2 жасар Әмина атты қызым бар. Асыл дініміз бен ұлтымыздың дәстүрін ұштастырып, салауатты өмір салтын ұстанып келемін. Шариғат заңымен жүруіме ұлым себеші болды. Құрсақ көтерген кезімде балама қандай тәрбие бере аламын, қандай ана боламын деген ойлар келді. Тәрбие көзі дініміз бен ұлтымыздың салт-санасында жатқанын түсіндім. Міне, сол ұстаныммен балаларым түзу тәліммен сусындап, ісім де өрге басып келеді,-деп сыр шертеді Гүлбақыт Бекмурзина.IMG_1116
Қала тіршілігіне бейімделіп алған соң дәмхана иесі түрлі жеңілдіктерді қарастырмақшы. Тұрақты келушілерге дисконт-карталар арқылы қызмет көрсетілетін болады. Әзірше, алдағы Рамазан айына қызу дайындық үстінде. Дәмхана іші тар болғанымен, келушілерге сапалы қызмет көрсетуді мақсат етеді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл асхана халал фаст-фуд тамақтарды жеткізумен де айналысады.IMG_1141
 
IMG_1140
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.
     
   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓