Жойқын жол апатынан көз жұмды

 

Алапат апат Қостанай-Федоров тас жолында болды. Нақтырақ айтқанда, Шеминов ауылының тұсында қалаға келе жатқан Hyundai маркалы темір тұлпар «ВАЗ 2108» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттың жойқын болғаны сондай, екі жүргізуші де қаза тапты.
Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, «ВАЗ 2108» машинасының 42 жастағы жүргізушісі оқиға кезінде бірден тіл тартпай кеткен. Hyundai тізгіншісі облыстық ауруханаға келе жатқан жолда "жедел жәрдем" көлігінің ішінде көз жұмды. 
Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓