Жаңашыл істердің жаршысы
Қостанайда жыл сайынғы ауылшаруашылық көрмесі басталды. Өңірлік көрме биыл осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Шара ауылшаруашылық өндірісіндегі барлық бағыт – цифрландыру, ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар, тыңайытқыш, ветеринарлық технология, мал шаруашылығына қажетті заттарды қамтиды.



-Жалпы, соңғы үлгідегі CASEIH комбайындары егін орағына таптыртпайтын техника. Бұлардың біреуі бір маусымда 2,5 мың гектардың өнімін жинай алады. Өте ауқымды. Бағасы да ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін аса қолайлы, – дейді америкалық фирманың біздің облыстағы ресми дилері Сергей Пивоваров.
Өңірлік көрмені тамашалауға облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен бірге, көршілес облыстардың фермерлері де келіпті. Өйткені, көктемгі дала жұмыстары алдында бұл таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз.

-Мұндай көрмелер керек. Неге десеңіз, қазіргідей технология күннен күнге дамып жатқан тұста біз сияқты кәсіп иелеріне жаңа заманның техникалары өте қажет. Келіп көріп жатырмыз, танысып жатырмыз. Реті келсе алу ойда бар. Қалайда, техника паркін әлсін-әлсін жаңалап отыру жұмыс өнімділігін арттырары сөзсіз,-дейді байырғы ауылшаруашылық қызметкері, фермер Жауғашты Қалиев.



-Бұл көрме біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін өте қажет. Өйткені, уақыт озған сайын өмірге жаңа технологиялар енгізілді. Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдары елімізде ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып үстінде. Мемлекеттің өзі ауылшаруашылық саласын дамытуға үлкен қолдау білдіріп келеді. Еліміздің тұңғыш президенті-Елбасы 2022 жылға қарай жұмыс өнімдігін ек жарым есеге арттыруды тапсырды. Біз осы үдеден шығуды көздейміз. Ол үшін осындай игі шараларды жиі ұйымдастыру керек,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Өңірлік көрмеге күн ұзаққа созылады.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердібрлат КӨРКЕМБАЕВ