Сарыкөлдегі дән себу жұмыстары

Сарыкөл өңірінде тұқым себу жұмыстары қыза түсті. Диқандар уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр.IMG_1749
20-мамыр күні аудан әкімі Эльдар Күзенбаев орынбасары Елжас Қалқаевпен бірге «Нұр-Айгер-СК» ЖШС-нің егістік алқабында болып, ондағы қызу тірлікпен танысып қайтты.IMG_1679
Өңірдің белді кәсіпкері Серікбай Жұмағұлов басшылық ететін серіктестік алқаптың 2200 гектарына дән сеуіп үлгерген. Диқан дала жұмыстарын дер кезінде бастағандықтарын және техникаларының жеткілікті екендігін жеткізді.Серік Шодоров
 
С.Қ.Жұмағұлов-Бұл – біз үшін өте жауапты кезең. Сондықтан, көктемгі егіске ерте қамдандық. Ал, дән себу жұмыстарына кіріскелі бір апта болды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде өнімділігі жоғары, бірнеше жұмысты бір мезгілде атқаратын 3 «Джон-Дир», 2 «Кузбасс» және басқа да техникалар жұмыс істеуде. Сондай-ақ, егіс алқабында 30 шақты адам еңбек етуде. Биыл 11, 500 гектар жерге бидай егуді жоспарлап отырмыз. Егер, ауа райы қолайлы болса, енді бір аптадаң соң жұмысты аяқтаймыз,-дейді серіктестік директоры Серікбай Қабетұлы.
Айта кеткен жөн, серіктестік алаңындағы топырақтың жоғарғы қабаты 7 см болды. Агроном Анатолий Кошенконың айтуынша, биылғы егіннің өнімі мол болмақ.
Ал, «Джон-дир» жүргізушісі Юрий Бойченко мен камаз жүргізушісі Серік Шодоровтар болса, көктемгі егіс басталғалы бел жазбай жұмыс істеп жатқандықтарын алға тартты.IMG_1766
Айтпақшы, бұл жұмыс сапары барысында аудан әкімі Эльдар Қонысбайұлынан биылғы дән себу жұмыстары жайында сұраған едік:
-Өңірде дән себу жұмыстары 10-мамырда басталды. Қазір 85 мың гектарға дәнді дақылдар себілді, яғни 26%. Соның ішінде 71800 гектарға бидай (23,8%), ал 5600 гектарға майлы дәнді-дақылдар (33,5%). Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 24,8 пайызға жоғары. Жоспар бойынша бұл жұмыстарды 1-маусымға дейін аяқтауымыз керек, – дейді өз сөзінде аудан басшысы.IMG_1795
Жалпы, биыл Сарыкөл өңірінде барлығы 327,4 мың гектарға дәнді дақылдар егілмек. Соның ішінде 301,9 мың га бидай, 16,7 мың га майлы дақылдар. Онымен барлығы 680 шаруа қожалығы және 25 ЖШС айналысуда,-аудан әкімі.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓